Астана қаласы Әдістемелік орталығы 2022 жылдың 8 желтоқсанында Абай Құнанбайұлы атындағы N87 мектеп-гимназия мұғалімдерімен бірлескен, математика, физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған «Жасампаз — жас маман» атты қалалық практикалық семинар өткізлі.
Семинар мақсаты — жаратылыстану пәндерін оқытудағы креативті идеялар мен инновациялық әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу болғандықтан, ұйымдастырылған шара мектептегі жас мамандар бастамасымен өткізілген ашық сабақтар, шеберлік сыныптарының жаңашылдығымен, олимпиадаға дайындық барысындағы практикалық тапсырмалардың жүйелілігін талқылаумен, оқушылардың білім сапасын арттыруда заманауи цифрлық технологияларды қолданумен ерекшеленді. Мектеп мұғалімдері Б.Қасымов, К.Хоэн, А.Өгізбаев, Е.Есенбаева, А.Асан, Қ.Дауыл педагогикалық идеяларымен бөліссе, Ноғайбек Б., Салыбай Қ., Дауыл Қ. ., Тлеубаева З., Есениева Р. қызықты ашық сабақтар өткізіп, оқытудағы заманауи тенденцияларға тоқталды. Мектептің көркемдік жұмыс пәнінің мұғалімі Н.Қабен сурет салу техникасы бойынша шеберлік сыныбын өткізді, онда жас мамандардың шығармашылық қабілеттері мен креативтілігі айқын көрінді.
Қорытынды бөлімді Әдістемелік орталықтың орта білім бөлімінің әдіскері Нұртаева Қ.У. математика, физика және информатика пәндеріне қызығушылық пен білім сапасын арттыратын педагогикалық технологияларды қолдану бойынша практикалық ұсыныстар берді, сонымен қатар дарынды және шығармашыл мұғалімдерді ерекше атап өтті.
Семинарға қатысушылар кері байланыс сәтінде әдістемелік шараның заман талабына сай өткізілуі мен өзектілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.