Ойын технологиясы арқылы балалардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру

2022 жылғы 8 желтоқсанда  № 40 «Құлпынай» балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы топ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогтердің іс-тәжірибесімен бөлісу және нәтижелі іс-тәжірибелерімен  таныстыру мақсатында «Ойын технологиясы арқылы балалардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық  семинар өтті.

Семинар барысында балабақша меңгерушісінің м.а. А. Куланбекова «Ойын технологиясы арқылы балалардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Балабақша тәрбиешілері Н.З. Шымырбаева, А.А. Бельгибекова, музыка жетекшісі Қ.О.Абдирова тәрбиеленушілермен ойын арқылы ұйымдастырылған іс-әрекеттерімен бөлісті. Ал балабақша психологі Н.А. Абдукаримова және тәрбиешілер С.Б. Бекбосынова, А.К. Дюсенбаева шеберлік сағаттар мен шығармашылық шеберхана жұмыстарын ұсынды.

Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымынан 20 тәрбиеші мен әдіскер  қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған