Менің отбасымның тарихы – отанымның тарихы

2022 жылғы 7 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Тәуелсіздікке тарту ретінде  құндылыққа негізделген білім беру жобасындағы №№5,54,56,62,82,86 балабақшалар арасында «Менің отбасымның тарихы – отанымның тарихы» отбасылық шежіре шеруі өтті.

      Іс-шараның мақсаты – отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әлеуметтік институттар жүйесінде ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту.

Салтанатты жиынға балабақшалардан  алты отбасы: Үсеновтер отбасы, Керімше отбасы, Серіковтер отбасы, Бекжановтар отбасы, Ирсалиевтер отбасы, Жиделеевтер отбасы қатысты.

Іс-шарада балабақша бүлдіршіндері «Сақтар» биін, «Гүлді фантазия» биін, «Туған өлкем» әнін, «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.

         Шежіре шеруінің нәтижесі бойынша қатысқан отбасылар «Мерейлі отбасы», «Үлгілі отбасы», «Тату отбасы», «Өнерлі отбасы», «Бақытты отбасы» «Тарихы терең отбасы» атты номинациялық дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты іс-шара соңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» директорының орынбасары Ерманова Мариям Ноятовна сөз сөйлеп, осындай кең ауқымды шежірелі шерулер арқылы балабақша бүлдіршіндері отбасылық құндылықты сақтауды дамытуды ерте жастан бойына сіңіріп өсетіндігіне тоқталып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған