Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы

2022 жылғы 1 желтоқсан күні  №62 мектеп-лицейінің базасында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған жиналыс өтті, оған 85 ата-ана қатысты.

         Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Т.С.Сатымбекова  «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу, әрбір ата-ана нені білуі тиіс?» тақырыбында  таныстырылым жасады.

          Мақсаты: жасөспірімдер ортасында қорқыту жағдайында балаларға көмектесуде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру.

        Ата-аналарға жасөспірімдер ортасында буллинг және зорлық-зомбылық фактілері анықталған кезде психологиялық көмек алу мүмкіндіктері туралы хабарланды. Сондай-ақ, тыңдаушыларға психикалық қысымның теріс ықпалын,зорлық-зомбылықтың болашақта балалардың тұлғалық қалыптасуына, әлеуметтенуіне және психикалық денсаулығына тигізетін әсері туралы  түсіндірілді.   Ата-аналар   көтерілген  мәселенің өзектілігін атап өтіп, өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *