«Ата-аналарға арналған мектеп» жобасы аясында Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімі «Дислексия орталығымен» бірлесіп 2022 жылғы 6 желтоқсан күні педагогтер мен ата-аналарға арналған онлайн-семинар ұйымдастырды.
Жетекші лектор ретінде дислексия орталығының шақырылған маманы, оқытудағы қиындықтар жөніндегі сарапшы, Р. Дейвис техникасы бойынша дислексия түзету жөніндегі халықаралық әдіскер, педагогика және психология магистрі Елена Сергеевна Данилова сөз сөйледі. Семинар барысында сарапшы, тәжірибелі маман ретінде ата-аналарды дислексия, дисграфия, дискалькулия, СДВ және СДВГ сияқты оқудағы қиындықтарды заманауи түсініктермен таныстырып, ата-аналардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді.
Вебинардың жазбасын https://youtu.be/kz-j7pPT-L8 сілтемесі бойынша көруге болады.
Елена Сергеевнаға қызықты және мазмұнды материалдары үшін Психологиялық сүйемелдеу бөлімі алғыс білдіреді. Осы тақырыпқа қызығушылық танытқан ата-аналарға 2022 жылы 9 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 16:30-да «Ата-аналарға арналған мектеп» аясында өтетін YouTube арнасында кездескенше деп айтамыз.