2022 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов педагог-психологтерімен республикалық деңгейде онлайн форматында кездесу өткізді. Кездесуде білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің маңыздылығы және білім беру ұйымдарында психологиялық қызметінің жаңа тәсілдерін енгізу қажеттілігі атап өтілді. Кездесуге офлайн форматта елордалық тәжірибелі педагог- психологтерден Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.К.Капанова, Жоғары политехникалық колледжінің педагог-психологі М.Г.Шаймерденова, №4 мектеп-гимназиясының педагог-психологі А.Мошке, №68 мектеп-гимназиясының педагог-психологі Р.Ж. Сайлаубаева, №65 мектеп-гимназиясының педагог-психологі Ш. Ж. Куспанова қатысты.
Ашық диалогта педагог-психологтердің алдында тұрған ең өзекті мәселелер қозғалып, психологиялық қызметті жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында министр мектепте психологиялық қолдау мен көмек көрсету процесін жетілдіру мақсатында педагог-психологтердің құжаттарын цифрландыру және іс құжаттарының санын азайту жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берді.