Инклюзивті білім беру: теория, тәжірибе, нәтиже

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  жылдық жоспарына сәйкес 2022  жылғы  6 желтоқсан  күні нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген арнайы және инклюзивті білім беру ұғымдарын түсіндіру  мақсатында  мектепке дейінгі ұйымдар үшін «Инклюзивті білім беру: теория, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында семинар-практикум өтті.

 Семинар барысында баяндамашылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы арнайы педагог мамандары құжаттарының жүргізілуі, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудағы тиімді әдіс тәсілдер мен жұмыс ерекшелігі туралы баяндады.

Тәжірибелік бөлімде «Indigo» гумандық педагогика және логопедия орталығының басшысы Нуриддинова Бақытгүл Насирдинқызы «Логопедия саласында әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдану жолдары» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға  мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың  150 ге жуық әдіскерлері мен арнайы мамандары қатысты.

Іс-шара соңында қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алып, спикерлерге өздерінің ризашылығын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған