РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

2022 жылғы 2 желтоқсанда «ЖАҢА МАЗМҰН: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА ЖАҢА КӨЗҚАРАС» тақырыбында республикалық семинар өтті.

         «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобалардың жұмысымен бөлісу, педагогтердің өзара тәжірибе алмасу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №95 «Алматы» балабақшасында өңірлерден келген педагогтер бас қосты.

         Пилоттық жобаның ерекшелігі топтағы екі тәрбиешінің бір уақытта жұмыс жасауы арқылы педагогке жүктелген жүктемені азайту. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеу – білім беру процесіне ата-аналарды тарту.

         Семинарға облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің жауапты мамандары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, педагогтері сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» директорының орынбасары Ерманова Мариям Наятовна, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Кайратовна  қатысты.  

          Семинар барысында № 95 «Алматы» балабақшасының тәрбиешілері мен мамандары тренингтер, шебер сыныптар мен топтағы жұмыстарымен бөлісті.

         Бүгінгі таңда пилоттық жоба келесі нәтижелерді көрсетті:

  • балалардың жастарына сәйкес ойын кеңістігін және балалардың  қызығушылықтары бойынша орталықтарды ойыншықтар мен  материалдармен жабдықтау арқылы заттар мен ойыншықтарға еркін  қолжетімділікті қамтамасыз етуде;
  • баланың дербес әрекеттеріне көбірек уақыт бөлінуде;
  • дербес ойын кезінде балалар еркін диалог құра отырып, ойын ашық айтуға дағдылануда.   

Семинар балабақша бүлдіршіндерінің орындауындағы концерттік бағдарламамен аяқталды.

One comment

  1. Бүгінгі таңдағы пилоттық жоба екі тәрбиеші бірлесіп жұмыс жасау жақсы да, тиімді жоба. Мен қолдаймын.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған