Астана қаласыныңТжКББ ұйымдары өзін-өзі бағалау материалдарын дайындау және мемлекеттік аттестаттауды  ұйымдастырудың  әдістемелік негіздері

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау болып табылады.

            Осыған орай,  2022 жылдың 30 қараша күні Каз ГЗУ Гуманитарлық заң колледжінде базасында астаналық колледждердің басшылығы мен оқытушыларына  «Астана қаласыныңТжКББ ұйымдары өзін-өзі бағалау материалдарын дайындау және мемлекеттік аттестаттауды  ұйымдастырудың  әдістемелік негіздері» атты әдістемелік семинар өтті.

            Іс-шараның мақсаты – қаланың білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттаудаң сәтті өтуіне әдістемелік көмек көрсету.

            Аталған әдістемелік семинарында  Астана қаласы  Әдістемелік орталығының   ТжКББ бөлімінің  басшысы  И.С.Алишева және әдіскер Н.С.Исина, Жоғары көлік және коммуникация

колледжінің  әдіскері Л.И.Матвеева, «Астана – Профи», колледжінің директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Ахметова, ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Х. Исмайлова және Омарова С.Ж., Кәсіптік-техникалық колледжінің   директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  спикерлер ретінде сөз сөйледі.

Семинарда ТжКББ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалану, жұмыс оқу жоспарларының Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестігіне талдау жасау, білім алушылардың білімін бақылау нысандарына қойылатын талаптарды сақтау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді,, кадрлармен қамтамасыз ету бойынша  есеп беру құжаттарды құрастыру, және оқу мен оқудан тыс оқытушылардың  іс-әрекеттердін  мониторингі  і  бойынша мәселелері талқыланды.

Баяндамашылар өз сөзінде өзін-өзі аттеттастау материалдарын  құрастыру мәселелеріне тоқталды, кестелер, диаграммалар, графиктер құру сияқты ақпараттық материалды визуализациялау әдістеріне назар аударды, сонымен қатар сарапшы ретінде тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға жауаптар мен ұсыныстар берілді.Әдістемелік шараға барлығы 50-ден астам адам қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған