«Жаңа технологиямен сабақ берудің ерекшелігі неде?» оқыту семинары

2022 жылғы 23 қараша күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» КМҚК  мектеп және мектепке дейінгі білім беру  бөлімінің әдіскері Амиргалиева Дайра Кайнемовна қаланың   тарих пәні мұғалімдеріне «Жаңа технологиямен сабақ берудің ерекшелігі неде?»  тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Бағдарлама бойынша  әріптестер «Тарих сабағындағы заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологиялар» Е. Т. Сулейменов №82 «Дарын» мамандандырылған лицей, «Тарих сабақтарында мәтінді интерпретациялау әдістері»  М.М. Жупарбеков №64 мектеп-лицей, «Жаңа технологияларды сабақта тиімді қолдану»

Г.Т. Даулеева К.Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясы, «Тарих пәнінде диалогтік оқытудың тиімді жақтары», Б.А. Смагулова «Ыбырай Алтынсарин атындағы «Бином» мектеп лицейі», «Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» М. Тарамбай  №14 мектеп-гимназиясы, «Тарих сабағында АКТ технологиясын қолданудың тиімділігі» А.Т. Альдекенова   №34 орта мектеп, «Тарих пәнін оқытудағы оқушылардың құзыреттілігін арттыру», Д.А. Сқақ   №15 мектеп-лицейі «Сабақты ұйымдастырудағы тиімді платформалар», А.Ж. Сапарбаева   № 57 орта мектеп, «Музей — тарих айнасы»  Н.И. Серикбаева  №34 орта мектеп, «Білім беру жүйесінде жаңа технологияны қолданудың тиімділігі» О.Бөрібай №62 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері білім сапасын көтеруде бүгінгі күнде қолданыстағы технологияның тиімділігін көрсетті, өз ойларын ортаға салды. Семинар соңында маңызы зор іс-шараға әріптестер  кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған