2022 жылғы 24 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен Әл-фараби атындағы оқушылар сарайында «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы ролі» атты республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясының аясында «Білімнің кілті — тәрбие», «Әл-Фарабидің өнер әлемі» атты педагогтерге арналған өнер және тәрбие секциялық жұмысы өткізілді.
Конференцияның мақсаты: Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халық пен жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұраны зерттеу.
«Білімнің кілті — тәрбие», «Әл-Фарабидің өнер әлемі» тәрбие және өнер секциясының барысында білікті де білімді, шебер ұстаздар іс-тәжірибесімен бөлісті. Атап айтар болсақ, Алматы облысы Талғар ауданы Б.Момышұлы атындағы №35 орта мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Ә. Емениязова «Әл-Фарабидің музыкалық ілімі», Ақтөбе қаласы №17 мектеп -гимназиясының мұғалімі Г. Кенжигалиева «Әл-Фараби шығармаларындағы ізгілікті қоғам идеясы», Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылы, №19 көпсалалы мектеп-гимназия мұғалімі К. Шынашева «Әл-Фараби ұлағаты», Алматы облысы Талғар ауданы №35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Р.Қыдырәлі «Әл-Фарабидің тәрбие жөніндегі ой-пікірлері» және т.б. қатысты.
Секциялық отырысында Әл-Фарабидің философиялық мұрасының әртүрлі аспектілеріне арналған баяндамалар оқылды, әл-Фарабидің дүниетанымының негізгі ерекшеліктерін, оның философия, лингвистика, психологияға арналған еңбектерінің түпкі идеяларын, сондай-ақ ұлы ойшылдың адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесін жан-жақты талқылады. Тәрбие және өнер секциясының соңында қатысушыларға конференцияда алған ақпаратты өз мектептеріндегі әріптестерімен бөлісу ұсынылды. Семинарға келген мұғалімдер де белсенділік танытып, семинар соңында кері байланыс жасалды.