«әл-Фараби және оның әдеби мұрасы» әдебиет секциясының жұмысы

2022 жылғы 24 қарашада «әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясы аясында «әл-Фараби және оның әдеби мұрасы» әдебиет бағыты бойынша педагогтердің секциялық жұмысы өтті.

Секция жұмысының мақсаты – Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халық пен жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұраны зерделеу.

«әл-Фарабидің әдеби мұрасы» секциялық жұмысы барысында педагогтар баяндамалар жасап, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылының №36 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы М.Берікбаева «әл-Фарабидің әдеби мұрасы» атты баяндама, Алматы облысы Талғар ауданы         Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Жұмабекова «Бақыт идеясы және әл-Фараби іліміндегі жетістікке жету жолдары» тақырыбында баяндама, Алматы қаласы №97 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Дулатбаева «Ұлы ойшылдың рухани мұрасы» тақырыбында және т. б. баяндама жасады.

Секциялық отырысында Әл-Фарабидің философиялық мұрасының әртүрлі аспектілеріне арналған баяндамалар оқылды, әл-Фарабидің дүниетанымының негізгі ерекшеліктерін, оның философия, лингвистика, психологияға арналған еңбектерінің түпкі идеяларын, сондай-ақ ұлы ойшылдың адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесін жан-жақты талқылады.   Тәрбие және өнер секциясының соңында қатысушыларға конференцияда  алған ақпаратты өз мектептеріндегі әріптестерімен бөлісу ұсынылды. Семинарға келген  мұғалімдер де белсенділік танытып, семинар соңында кері байланыс жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған