«Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» республикалық ғылыми – педагогикалық конференциясы

2022 жылғы 24 қарашада Астана қаласы әкімдігінің Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы ролі» атты республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты: Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халық пен жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұраны зерттеу. Конференция екі бөлімнен тұрды.

Пленарлық отырысқа Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары С. Адылбаев, Ы. Алтынсарин атындағы ҰҒА жетекші сарапшысы             С. Жұманова, жазушы, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері О. Сүлейменов, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің шығыстану кафедрасының профессоры С. Тулеубаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрада өнері» каферасының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері М. Дәулетбақ, С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің философиялық ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессоры А. Тулеубеков және т.б. қатысты. Конференцияның пленарлық отырысында әл-Фарабидің философиялық мұрасының әртүрлі аспектілеріне арналған баяндамалар оқылды.

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша 4 секция жұмыс істеді:

– әдебиет секциясы «Әл-Фараби және оның әдеби мұрасы»:

–  тәрбие секциясы «Білімнің кілті – тәрбие»;

– ғылым секциясы «Шын білім – ақиқат, анық білім»;

– өнер секциясы «Әл-Фарабидің өнер әлемі».

Республикалық конференция барысында қатысушылар Әл-Фарабидің дүниетанымының негізгі ерекшеліктерін, оның философия, лингвистика, психологияға арналған еңбектерінің түпкі идеяларын, сондай-ақ ұлы ойшылдың адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесін жан-жақты талқылады.

Конференцияға Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Сондай-ақ конференция бағдарламасы аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Сирек кітаптар мен көне қолжазбалар» қорымен таныстырылады. Ақмола облысы Көкшетау қаласының «Ел жастары» театрының «Алаш» спектаклін тамашалады.

 «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдарын жинақта жарияланып, сондай-ақ Әдістемелік орталықтың ресми сайтында орналастырылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған