Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістер мен тәсілдерді қолдану

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес «№3 арнайы мектеп» КММ педагогтерінің  іс-тәжірибесін қала көлемінде тарату мақсатында  2022  жылғы  23 қараша күні  жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне  арналған «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістер мен тәсілдерді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың теориялық бөлімін ашқан мектеп директоры Г.Т. Абдигалиева мектептіңстратегиясы мен миссиясы, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері және ата-аналармен жұмыстағы педагогикалық қызметтің қыр-сырына тоқталып, «Алға бір қадам»  ата-аналар клубы  жобасын таныстырды.

Семинар барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар, арнайы мамандар мен пән мұғалімдерінің ашық сабақтарына, сыныптан тыс іс-шараларға, арнайы мамандардың жеке сабақтарына, шебер-сыныптарға қатысты. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу барысында қолданып жүрген заманауи әдіс-тәсілдер толық көрсетілді.

Сабаққа қатысушылар QR-код арқылы  педагогтердің қысқа мерзімді сабақ жоспарларын (ҚМЖ)  жүктеп алу мүмкіндігіне ие болды.

         Семинар соңында қонақтар алынған ақпараттың өзектілігін, пайдалылығы мен жаңалығын атап өтті. Бұл семинар мамандардың әдістемелік белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті, кәсіпқойлықтың дамуына, мектеп тәжірибесін көрсету мүмкіндігіне ықпал етті. Алдағы уақытта инклюзивті білім беру бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын педагогтерге арналған оқыту және іс-тәжірибемен бөлісу семинарлары жалғасын таппақ.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған