Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар

2022 жылғы 21 қараша күні Астана қаласының «Әдістемелік орталық» МКҚК мен  Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта-мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Заманауи білім – тиімді әдіс пен ұлттық құндылықтардың көрінісі» атты қалалық семинар өтті.

Басқосудың  мақсаты  – жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру.

Әдістемелік орталықтың   әдіскері Нұржамал Кәрімбердіқызы іс-тәжірибесімен бөлісетін мұғалімдермен ой бөліссе , мектептің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Қаламқас Шарденқызы семинар бағдарламасымен таныстырды. «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбымен Қ.Шарденова, Б.Досжан, Б.Байдалина ұстаздармен тренинг жүргізді.

«Адамның дене мүшелері» тақырыбында  «Жаратылыстану» пәні бойынша Ы.Абдрахманова сабағында «Қолшатыр» әдісі арқылы топқа біріктіріп қызықты тапсырмалар орындатты. «Қазақ тілі» пәнінен «Мәтін және оның түрлері» атты тақырыпта Г.Нұрмахан өткізген сабағында «Суреттер сөйлейді», «Еркін жазу» әдістері оқушылардың тақырыпты түсінуіне өте тиімді болды. «Халқымыздың салт-дәстүрі» тақырыбында «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша А.Нұртазаева «Зерттеу» әдісі бойынша топтар тапсырманы өте қызығушылықпен орындады. Бесікке салу, асық ату ұлттық дәстүрлерді оқушылар көрсете отырып,ұлттық құндылықтарды дәріптеді. «Санның квадраты және кубы» тақырыбында «Математика» пәнінен А.Сейдахметованың  сабағында «Табан ізі», «Ашық хат»   әдісі арқылы оқушылар есептерді жылдам, тиянақты орындай білді. «Математика сабағында мәтін есептерді модельдеу» тақырыбында  А.Тусупханова,  М.Панат, Б.Ризакулова шебер сынып, коучинг өткізді. Топтағы әріптестер мәтін есепті «Арифметикалық, алгебралық, графикалық, практикалық» әдістерін қолдана отырып шешті. «Тарсия» әдісінің оқушылармен жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастыруда тимді екенін білді. 3-4 сыныптар арасында «Ғұлама тұлға, ғибратты өмір» Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысын Н.Рысбай, Ш.Қожагелдинова,  Г.Жанысбекова өткізді.

Мәшһүр Жүсіп атамыздың өлеңдерін және шығармаларын мәнерлеп оқып, үздік шыққан оқушылар марапатталды. «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында сыныптан тыс іс-шараны мұғалімдеріміз Б.Қалмаханова, К.Ахбай, Г.Абазова, Ж.Усембаева өткізді. Тақырып бойынша түсінік беріліп, ата-аналар топпен бала тәрбиесіне байланысты жағдаяттарды шешті. Топтар ортада постер қорғады. «Тик-ток» әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Семинарды қорытындылау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері Г.Тулегенова, А.Кисикова, К.Құдыретова, Қ.Мансурова семинарға қатысушылардан өткізілген сабақтар мен іс-шаралар бойынша «Ментиметр, Падлет» әдістері бойынша кері байланыс ұйымдастырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған