Қосымша білім беру педагогтеріне әдістемелік сағат

Астана  қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2022 жылғы 10 қараша күндері аралығында  № 43 Қосымша білім беру мектеп-орталығы қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Әдістемелік сағат» өткізілді.

Әдістемелік сағаттын мақсаты – білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәжірибе жалпылауға және таратуға бағытталған әдістемелік сүйемелдеу арқылы инновациялық технологияларды қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау.

Іс-шараға барысында Білім беруді жаңғырту орталығының «Тәрбие және тұлғаны дамыту» бөлімінің басшысы Бекетаева Гульдана Ескенқызы «Қосымша білім беру педагогтерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыбында сөз сөйледі. Өткізу қағидалары мен шарттарын таныстырып өтті:

  • Нормативтік құжаттар;
  • Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі;
  • Эссе жазу тәртібі;
  • Біліктілікті бағалауды өткізу тәртібі;
  • Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі;
  • Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі;
  • Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі;
  • Біліктілік санатын беруге (растауға) қосымша білім беру ұйымдары педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары.

Соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қосымша білім берудің ең маңызды мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылап, өз ой-пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған