«Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы

2022 жылдың 10 қарашасында «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерінің оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Томирис» медициналық колледжі базасында кезекті семинар-тренинг өтті.

           Әдістемелік орталықтың ТжКБ бөлімінің әдіскерлері тарапынан авторлық әзірленімдерді даярлауға, педагог портфолиосын қалыптастыруға қатысты практикалық ұсынымдар жасалынды.

Тренинг барысында педагогтың әдістемелік жұмысының тиімді формалары бойынша жобалық жұмыстар орындалып, әр топ әріптестер алдында жобаларымен бөлісті.

Семинар-тренинг жұмысына 30-дан астам колледж педагогтері қатысты.  

Семинарға қатысушылар өткізілген іс-шара мазмұнының танымды әрі пайдалы болғанын айтып, алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған