Тәуелсіздікке тарту іс-шарасы өтті!!!

Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 10 қараша күні №5 «Ақбота» балабақшасында Тәуелсіздікке тарту ретінде «Зияткерлік академиясы» ұлттық ойындар кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара мақсаты ұлттық ойынды жаңарту арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту,  ақыл-ойын кемелдендіру, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, креативті және сыни ойлауын дамыту, азаматтыққа және патриотизмге, ұлттық мәдениетті құрметтеуге баулу болып табылады.

 Салтанатты жиынға «Асық» федерациясының директоры Сабыржанов Жомарт Сабыржанұлы, Дүниежүзілік «Тоғызқұмалақ» ұйымының президенті Шотаев Мақсат Есембекұлы,  Астана қаласының Әдістемелік орталығы Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Есематова Ақбота Бақытқызы, әдіскерлер және педагогтер қатысты.

Іс-шарада балабақша меңгерушісі Жолбарысова Мөлдір Айтқалиқызы «Зияткер академиясы» ұлттық ойындар кабинетін ашу мақсаты мен ұйымдағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды. Балабақша бүлдіршіндері «Тәуелсіздікке тарту» композициясын ұсынды.

         Тәрбиеші Ш.Н. Урпекова мен дене шынықтыру нұсқаушысы Д.А. Жумбаевтың жетекшілігімен балабақша тәрбиеленушілері «Бестемше» ұлттық ойынын алаңда жұппен ойнады.

Іс-шараның екінші бөлімінде Астана қаласының Әдістемелік орталығы Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Есематова Ақбота Бақытқызы және «Асық» федерациясының директоры Сабыржанов Жомарт Сабыржанұлы «Зияткер академиясы» ұлттық ойындар кабинетінің лентасын салтанатты түрде қиды.

Балабақша бүлдіршіндері іс-шараға қатысушылармен жұптасып Бестемше ойынын ойнады. Салтанатты іс-шара соңында «Асық» федерациясының директоры Сабыржанов Жомарт Сабыржанұлы балаларға бата берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған