«Үздік жас маман» қалалық байқауы

Астана қаласының техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Үздік жас маман» қалалық байқауы 2022 жылдың 20 қазаны – 7 қарашасы аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК тарапынан ұйымдастырылып, өткізілді.

«Үздік жас маман» қалалық байқауы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасынан талантты және шығармашыл мамандарды анықтау, олардың шығармашылық ізденістерін, зияткерлік және кәсіби өсуін ынталандыру, үздік тәжірибесін тарату, колледж оқытушысы имиджін арттыру мақсатында жүзеге асырылды. 

Байқауға оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолданатын, педагогикалық өтілі 3 жылға дейінгі пән оқытушылары, педагог-психолог, өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Байқауға 21 жұмыс қабылданды, оның ішінде екінші турға 17 жұмыс жіберілді.

Жас педагогтер педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және сабақтан тыс қызмет нәтижелерінің динамикасы айқындалған «Менің мамандығым – педагог» визиткасын, жаңашыл технологиялар мен  сандық ресурстарды сабақ барысында қолдану тәжірибесін көрсететін бейнесабақ үзінідісін және өз қызметінде қолданатын педагогикалық лайфхактарын байқаудың сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына ұсынды.

         «Үздік жас маман» қалалық байқауының қорытындысы:

Бас жүлде – Есеноманова М.С., «Қазақстандық Швейцария-Американдық колледж» ЖШС.

І дәрежелі диплом – Бақытбек А., «Менеджмент, бизнес және білім колледжі» ЖШС.

ІІ дәрежелі диплом – Крыкбаев А.С., «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК.

ІІ дәрежелі диплом-Махметова М.Б., Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі

ІІІ дәрежелі диплом – Алтынбекова Ә. А., «Шипагер»медициналық колледжі.

ІІІ дәрежелі диплом – Жұмабек Т., «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК.

ІІІ дәрежелі диплом – Еркебаева Ш., «Кәсіптік-техникалық колледж» МКҚК.

«Үздік жас маман» қалалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2022 жылдың 10 қарашасы күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК ғимаратында өтті.              Байқауға қатысқан барлық жас мамандарға «Әдістемелік орталық» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары»  КММ, Астана қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ құнды сыйлықтар тарту етті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған