Әдістемелік көмек

2022 жылдың 9 қараша күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №8 мектеп-лицей педагогтеріне әдістемелік  көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

  Әдіскерлер барлық пән бойынша 54 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап , сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.

 Сабақты тиімді ұйымдастыру, оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік күннің ұйымдастырылуы мектепке биыл келген жас мамандар үшін  өте тиімді болды. Мектеп әкімшілігі  әдіскерлермен кеңесе отырып, алда  орталықпен бірлесе  жүргізілетін жұмыс  жоспарын құрды.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *