«ROBOLAND 2022» VII робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі

«ROBOLAND 2022» VII робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі

2022 жылдың 3-5 қараша аралығында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, техникалық пәндерді дәріптеуге, білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсетуге жәрдемдесу үшін Қарағанды қаласында «ROBOLAND 2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VII фестивалі өтеді.
ROBOLAND – Қазақстандағы алғашқы және ірі робототехникалық жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы.
2015 жылы алғашқы «ROBOLAND» фестивалінде 5 номинация бойынша 30 команда жарысты. «ROBOLAND-2015» республикалық фестивалін өткізу қорытындысы бойынша, халықаралық деңгейге ауысты. «ROBOLAND 2016» Ресей, Сербия және Қазақстанның 12 өңірінен 200-ден астам команда мен 400 қатысушы жинаған.
Коронавирустық пандемияға байланысты шектеулерден кейін ROBOLAND фестивалі дәстүрлерді қайта жандандырып, есігін ашып жатыр. 2022 жылғы жарыс 16 санатта өтеді, оның бір бөлігі фестиваль алаңында бірінші рет өткізіледі. Фестивальді ұйымдастыруда тіркеу мен қорытындылаудың электрондық жүйесі, сондай-ақ тәуелсіз кәсіби төрешілер алқасы өзгеріссіз қалатыны жөнінде сөз болды.
Фестиваль бағдарламасы бойынша Ғимараттарға экскурсия, оның ішінде жаңа технологиялармен танысу. Секциялық отырыстың ең маңыздысы «Мектепке дейінгі робототехника-бірге өсеміз», «Пилотсыз көлік-бүгінгі болашақ», «Заттардың интернеті және оқушылардың техникалық шығармашылығы – даму перспективалары», «Білім беру робототехникасы», «Әрі қарай қайда бару керек», «STEM – білімді ғалым немесе инженер кім тәрбиелейді?» атты және т.б. тақырыптарда халықаралық модераторлар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасады. Фестивалға Қазақстан, Грекия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей елдерінің мен деген робот танушы мамандары қатынасып жатыр. Оның ішінде Астана қаласы Әдістемелік орталығы атынан IT- бөлімінің басшысы Ғалиахмет Шакировта бар.
Робототехниканың майталмандарына сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған