Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу процесіне енгізу: тарихы, мәселері және даму болашағы

2022 жылғы 27-28 қазан күндері Алматы қаласында  «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми  практикалық  орталығы» РММ құрылғанына 30 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Астана қаласынан Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  бөлімінің бас маманы Алеуханова Лаура Мошкаловна, Әдістемелік орталықтың инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Марат Маншук Маратқызы және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен Астана қаласы бойынша ресурстық орталық №83 мектеп басшысы қатысты.

Конференция барысында:

  • сапалы білім беруді арттырудың шарты ретінде білікті кадрларды даярлау;
  • мүмкіндігі шектеулі балалардың даму мәселерін бағалау және кеңес беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері;
  • арнайы мектепке дейінгі және мектептін білім берудің дамытудың мәселелері мен перспективалары;
  • инклюзивті практика: мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасау және психологиялық-педагогикалық қолдау тәжірибесі сияқты мәселелер талқыланып, спикерлер тарапынан нақты жауаптар берілді.

Конференция спикерлері ретінде Қазақстанның ғалымдарымен қатар Ресей федерациясы, Белорусь республикасы, Норвегия, Ұлыбритания, Финляндия және Германия елдерінің арнайы мамандары іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған