«Үздік педагог – 2022» атағын беру республикалық конкурсының қалалық кезеңі

Педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді марапаттау мақсатында, сондай-ақ зияткерлік даму деңгейі жоғары, жоғары ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және рухани-адамгершілік мәдениеті бар, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды педагогтарды анықтау үшін ағымдағы жылдың қазан айында «Үздік педагог» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

         2022 жылы байқау https://teachercontest.iac.kz веб-порталында онлайн өтті. Порталға барлығы 200-ден астам өтінім түсті, сауалнаманы толтыруды аяқтаған 115 қатысушының материалдары сараптамаға жіберілді. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері – 32, қосымша білім беру – 4, жалпы орта білім беру – 68, ТжКБ – 6, арнайы білім беру – 5. Портфолио сараптамасы барысында конкурс ережесіне сәйкес келмеуіне байланысты 6 қатысушының сауалнамасы кері қайтарылды.

         Конкурс қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 5 қатысушы конкурс жеңімпаздары болып анықталды және «Үздік педагог – 2022» атағын беруге арналған республикалық конкурсқа қатысу үшін ұсынылды:

–   Астана қаласы әкімдігінің «№1 Өнер мектебі» МКҚК көркемөнер бөлімінің оқытушысы Бейсенбаев  Даурен  Манапович;

–  Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ бастауыш сынып мұғалімі Салахадинова Евгения Ивановна;

–  Астана қаласы әкімдігінің «№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі» КММ география пәнінің мұғалімі Мұрат Қаныбек Рахманұлы;

–  Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» ШЖҚ МКК өндірістік оқыту шебері Касымов Ержан Маратович;

–  «№ 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ бейімделетін дене шынықтыру мұғалімі Конкулов Корган Какимжанович.

2 Comments

  1. «Үздік ұстаз -2022″байқауы ашық әрі әділ өтпеді, бiздiң жұмысымыз бағаланбаған, пiкiр де жоқ. Сондықтан үздік деп танылған ұстаздардың жұмыстарын ашық жариялауын талап етеміз.

  2. Хотелось бы больше прозрачности и открытости в конкурсе «Лучший педагог-2022»:
    1)Результаты не вышли в указанные сроки в положении.
    2)В личном кабинете нет баллов,или итогов
    3)Просьба рассмотреть возможность награждения 2,3 местами,номинациями.У каждого учителя-аттестация,и это важно
    4)Разместить портфолио победивших учителей на вашем сайте

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған