Мектепке дейінгі білім берудегі көпфункционалды интерактивті орта

2022 жылғы 2 қараша күні Астана қаласы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығы «САТР орталығы» ЖШС (satr.kz)   бірлесе отырып мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін қазақ және орыс тілдерінде «Мектепке дейінгі білім берудегі көпфункционалды интерактивті орта» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне «дамытушы пәндік-кеңістіктік орта» және «психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» ұғымдарын түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Вебинар жұмысына елордалық Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова Айгуль Кайратовна, Әдістемелік орталықтың  әдіскерлері қатысты.

Вебинарда педагогика ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті Арнайы білім беру және психология институтының профессоры Баряева Людмила Борисовна «Мектепке дейінгі білім берудегі көпфункционалды интерактивті орта» тақырыбында сөз сөйледі. Қатысушылар берген сұрақтарына толық жауап алды. 

«Интерактивті проекциялық жүйелер» тақырыбын арнайы педагог, «САТР орталығы» ЖШС әдіскері Ильмуратова Гюльнара Азатовна тарқатты.

Вебинарға 400-ден астам мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған