Бүгінгі жас маман – болашақ білікті тәрбиеші

Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 2 қараша күні №86 «Зияткер» балабақшасында «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті тәрбиеші»  тақырыбында    қалалық оқыту семинар-практикумы өтті.

Іс-шара мақсаты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас мамандарына әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Семинар барысында Әдістемелік орталық әдіскері  Ж.Б. Ахметова  «Мен білікті тәрбиешімін» тренингін өткізді.

«Жаңа бағдарлама негізінде перспективалық жоспар мен циклограмманы құру» тақырыбында әдіскер Қ.С. Көшен, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы жас маманының портфолиосын тиімді жасақтау» — әдіскерлер М.С. Боранбаева, Б.К. Әзімбай сөз сөйледі.

№86 «Зияткер» балабақшасының меңгерушісі А.Ж. Нуркабылова «Педагогикалық әдеп, ұстаздың этикасы және мәдениеті» тақырыбында сөз сөйлеп, педагогикалық әдептің негізгі нормалары мен қағидаттарын түсіндірді.

 Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Семинарға  елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан  40-тан астам жас педагог қатысты. Жас мамандармен жұмыс өз жалғасын табады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *