Заманауи сабақты дайындауға арналған мұғалімнің сандық құралдары

      2022 жылдың 1 қарашасында  Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия базасында жас информатика мамандарына арналған семинар өткізілді.

      “Заманауи сабақты дайындауға арналған мұғалімнің сандық құралдары”тақырыбындағысеминар барысында жас мамандар заманауи педагогтерге қойылатын біліктілікті арттыру жолындағы қажетті  жаңа құралдармен танысып, тәжірибе жүзінде көре алды.  

     Семинар қатысушылары информатика сабағында Quizizz бағдарламасымен жаңа сабақ өту, тесттер тапсыру, білімін тексеру; Информатика пәнінен оқушыларды ғылыми жобаға дайындау; Сабақ барысында LearningApps.org  бағдарламасымен сұрақ-жауап, кері байланыс жасау арқылы сабақты түрлендіре өткізу; Matatalab роботтарымен таныстыру, тәжірибе барысында көрсету; CLIL әдісін орта буында пайдалану тиімділігі; Google арқылы өз жұмыстарын сайтта орналастыру, сайтты толық өз бетімен жасап шығу жолдары; Create Kahoot, Wordwall платформаларында сабақты қызықты өткізу жолдарымен таныстыру; Қазіргі заманғы талаптарға сай  электронды портфолионы әзірлеу кезеңдерімен танысты.

    Семинар соңында кері байланыс орнату және  қорытындылау padlet.com бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып, келген жас мамандарға семинар мазмұнының пайдалы болғандығына көз жеткізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған