Психологиялық-педагогикалық бағытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен Арт- терапия тәсілі арқылы жұмыс

2022 жылғы 1 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Инклюзивті білім беру бөлімі әдіскерлері мен Астана қаласының № 2 Психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен «Психологиялық-педагогикалық бағытта ерекше білім беру қажеттіліетері бар балалармен Арт- терапия тәсілі арқылы жұмыс» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен арнайы педагогтеріне арналған қалалық оқыту семинар- практикумы өтті.

Семинар барысында :

– ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың түзету-дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары.

– Арт-терапия – балалардың эмоциялық тұрғыдан дамыту құралы. Кляксография әдісі.

– ЕБҚ бар балаларға «Арт-терапия» мен «Томатис терапиясын» бірге тиімді қолдану, тақырыптарында толық ақпараттар беріліп, тақырыптар бойынша шебер-сыныптар көрсетілді.

Сонымен қатар, ата- ана мен бала қарым-қатынасын диагностикалау мен түзету бойынша тренинг ұйымдастырылып суреттер арқылы сауалнама жүргізілді.

Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, болашақта қандай тақырыптар бойынша семинарға қатысқысы келетіндігі туралы ойларымен бөлісті.

Инклюзивті және арнайы білім беру бойынша іс-шаралар, оқыту семинарлары ай сайын жалғасын табатын болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған