Бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен «Экономикалық лицей» ЖШС ұйымдастыруымен 2022 жылғы 1 қараша күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында  тәжірибеге бағытталған қалалық семинар-практикум өтті.

Іс-шара мақсаты лицейдің бастауыш мектеп мұғалімдерінің іс- тәжірибесін тарату, семинар қатысушыларына бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін әдістерді меңгерту болып табылады.

Семинар жұмысына елордалық Әдістемелік орталық әдіскерлері Б.К Әзімбай және М.С. Боранбаева, жекеменшік орта білім ордаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинарды лицей директоры Б.Р. Сыздыкова ашып, лицейдің мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жүйесі туралы баяндады.

Семинар-практикумға қатысушылар үш секцияға бөлініп, шеберлік сыныптар, тренингтерге қатысты. Экономикалық лицей мұғалімдері  жаңа тақырыпты зерделеуге арналған педагогикалық әдіс-тәсілдер, ақпараттық және оқу сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде графикалық органайзерлермен бастауыш сынып оқушыларының тілдік және орфографикалық сауаттылығын қалыптастыруға арналған эйдетика әдісін, сабақта кинезиологиялық жаттығуларды қолдану, бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын дамыту жолдарын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шараға жекеменшік білім беру ұйымдарының  80-нен астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған