Кәсіби құзыреттіліктердің  қалыптасуына жағдай жасау

2022 жылдың 27 қазанда Құрылыс-техникалық колледжінде «Кәсіби құзыреттіліктердің  қалыптасуына жағдай жасау: тарату құрылғылары мен электр желілерін монтаждау»  тақырыбында  қалалық семинар өтті.

Семинарды  өткізу  мақсаты –  болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда заманауи құрал-жабдықтарды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.

Семинарға Астана қаласының  «Шаңырақ» тұрғын үй секторындағы басқару, қызмет көрсету және энергетика қызметі субъектілері қауымдастығының сарапшысы Б.Бермухамбетова, колледждердің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Қалалық семинарда «Автошебер», «Дәнекерлеу технологиясы», «Энергетик» құзыреттілігі  бойынша шебер-сыныптары өткізілді. Колледж  педагогтері  «Жас Маман» жобасы аясында сатып алынған заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану тәжірибелерімен бөлісіп, семинарға қатысушылардыы «Тарату құрылғылары» оқу полигонының жұмысымен таныстырды. 

Колледждің  өндірістік  оқыту шеберлері  Жаңғабыл Н.М., Аржикеев Е. С., Садыков М. К., Мусагалиев Р.С., Абдрахманов Н.А., Ескенов М.С., Сарбас Б., Пернебай Д.А., Айкимбаева Д.Д., Сарыбаев С.Т. өндірістік оқыту сабақтарында студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруда өздері қолданып жүрген оқыту технологияларын көпшілік назарына ұсынды. Семинарға қатысушылар инновациялық идеяларды енгізу арқылы құрылыс саласы мамандарын сапалы дайындауға колледж оқытушыларының қосқан үлесі зор екенін атап көрсетіп, іс-шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған