Мектеп кітапханашылары үшін БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ өтті!

✔️Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2022 жылғы 17-27 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген «Мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша 30 жалпы орта білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.
​👍Бағдарлама бойынша 72 сағатқа есептелген оқу сабақтары қашықтан (онлайн) және офлайн режимде өткізілді.
​👏 Дәріскер ретінде кітапхана мен білім беру жүйелерінің:
​Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің (Ресей), Назарбаев Университеті кітапханасының, Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту орталығының, елорданың Орталықтандырылған Кітапхана Жүйесі мен № 4, №8 Балалар кітапханаларының жоғары білікті, тәжірибелі мамандары тартылды.
📁Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға біліктіліктерін арттыру туралы сертификаттар берілді

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған