Педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған семинар

2022 жылғы 27 қазанда Астана қаласының әдістемелік орталығы педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында педагог-кәсіби бағдар берушілердің әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру. Іс-шараға қаланың білім беру ұйымдарының 73 педагогы қатысты.

Педагог-кәсіби бағдар берушінің жұмысын ұйымдастыру, кәсіби бағдар жұмысын жүргізу кезінде диагностиканың негізгі бағыттарына туралы Карибеков Нұрперзент Жанабайұлы – «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының  «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің басшысы сөз сөйледі.

«Career Vision» кәсіптік бағдарлау жөніндегі консультациялық орталығының директоры Асқар Рүстем Аманжолұлы кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын құралдарды, Soft Skills дамыту бойынша тренингтерді ұсынды. Авазбекова Әйгерім, Қадырова Жанель – консультациялық орталықтың психолог-кәсіби бағдар берушілері Kahoot қосымшасы арқылы педагогтармен тренинг өткізді, сондай-ақ кәсіби бағдар берушінің қызметі туралы толығырық айта шықты.

Семинар барысында педагогтар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған