Білім беру саласындағы инновациялар

Білім беру саласындағы инновациялар деп озық педагогикалық тәжірибені қолданысқа енгізуге байланысты барлық іс-әрекет деп түсінген жөн.

Білім берудегі инновациялық технологиялар оқу үдерісінің тиімділігін арттыра отырып, оқытуды реттеуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық іс-әрекетте болжау қабілеті, соңғы өнім туралы концептуалды идея, оның жаңалығы, маңыздылығы ерекше құнды. Проблемаларды көре білу, оларды ғылыми негізделген және пәндік-инновациялық деңгейде шеше білу педагогтің кәсіби шеберлігінің көрсеткіші бола алады.

Астана қаласының ТжКБ ұйымдары педагогтарының инновациялық білім беру идеяларын, бастамаларын, жобаларын және тиімді педагогикалық тәжірибелерді енгізу бойынша қызметін жандандыру мақсатында 2022 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Әдістемелік орталық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының инновациялық жұмыстарының республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді.

Байқауға қолданысқа енгізілген жобалар да, жаңа жобалар (жобалар, бағдарламалар), ғылыми-зерттеу нәтижелері, ғылыми жаңалық, практикалық және коммерциялық маңызы бар басқа да жобалар мен шешімдер  5 бағыт бойынша ұсынылылды:

  • оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім;
  • тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік өнім;
  • сандық білім беру өнімі;
  • ғылыми-зерттеу жұмысы;
  • бағалау қызметі мен кері байланыс жұмыстарының кешені.

Байқауға колледждердің 42 педагогы қатысты. Республикалық байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 Байқаудың қалалық кезеңі қорытындысының хаттамасы Астана қаласының Әдістемелік орталығының сайтында орналастырылды (https://astana-modern). Үздік жұмыстар байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолданды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған