Республика күніне арналған «Елдіктің жеті тұғыры» дөңгелек үстел

Астана  қаласы   әкімдігі   Әдістемелік     орталығының      әдіскерлері Д. Амиргалиева, Ж. Маманова, З. Каракееваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, музыка пәні мұғалімдеріне Республика күніне арналған

«Елдіктің жеті тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел қонақтары: Ж.Н. Қалиев п.ғ.к., ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, С.Т. Набиев, Л.Гумилев атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  тарих факультетінің аға оқытушысы 13 жылдан кейін қайта оралған ұлттық мейрам Республика күніне маңызы зор баяндамалар оқыды. Егеменді еліміздің басты мерекесі – Республика күніне арналған дөңгелек үстелде әріптестер З.Т. Сеилгазина, С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, М.Ж. Карамурзина, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ж.Б. Кузембаева, №63 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, А. Аманова, №13 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,   Н.М. Искаков,   №77   мектеп-гимназиясының   тарих пәні мұғалімі,  А.Б. Жұмаділов, №55 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, М.К.Абдигалиева, №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, С.М. Дәулет, №38 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі өз ойларын ортаға салды. Ұлттық мерекенің құрметіне қала мектептерінің музыка пәні мұғалімдерінен құрылған «Самғау» тобының әншілері «Көк тудың желбірегені», «Біз біргеміз», «Атамекен» әндерін музыкалық шашу ретінде тарту етті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған