Білім беру бағдарламасы – педагогтің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші

2022 жылғы 17 қазанда Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Білім беру бағдарламасы – педагогтің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші» тақырыбында қосымша білім беру педагогтеріне арналған қалалық оқыту семинары өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты: білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптар бойынша семинар қатысушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жинақтау шеңберінде оқыту нысандарын, әдістерін, технологияларын практика жүзінде қолдануын көрсету, педагогтарді өздерінің кәсіби қызметін жетілдіруге ынталандыру.

Семинар жұмысына Астана қаласының қосымша білім беру ұйымдарының 30-дан астам педагогі қатысты. Қатысушылар семинар барысында М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтерінің педагогикалық тәжірибесімен танысты.

Семинар аясында келесі сұрақтар қарастырылды:

– балаларға арналған білім беру бағдарламаларының құрылымы;

– сахна тілі –  орындау шеберлігінің негізі;

– домбырада ойнаудың тиімді негіздері;

– балдық хореографиядағы топтық синхрон;

– қазақ тілін оқытудағы коммуникативтік құзіреттілік;

– жас вокалистің көпшілік адындағы жетістік жолы;

– ана тілін оқытуға арналған  шығармашылық тапсырмалар мен оқыту ойындары.

Қосымша білім беру педагогтері түрлі бағыттағы шығармашылық бірлестіктерде сабақ жүргізуде практикалық дағдыларға ие болып, қосымша білім берудегі заманауи үрдістермен танысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған