Қосымша білім беру педагогтеріне әдістемелік сағат

Астана  қаласының Әдістемелік орталығы 2022 жылғы 14 -18 қазан күндері аралығында  қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Әдістемелік сағат», «Мақаланы қалай жазу керек»,  «Эссе қалай жазу керек»,  «Психология  негізі» қосымша білім беру педагогтеріне аттестациялық тестілеуді тапсыру кезінде әдістемелік көмек ретінде әдістемелік сағат 2 тілде өткізілді.

Әдістемелік сағаттын мақсаты – білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәжірибе жалпылауға және таратуға бағытталған әдістемелік сүйемелдеу арқылы инновациялық технологияларды қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау.

Іс-шараға барысында Әдістемелік орталығының Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Есематова Ақбота Бахытовна, Капанова Гульмира Кадырбаевна Астана дарыны психологиялық қызмет бөлімінің басшысы, Исабекова Айжамал Керимбековна Астана дарыны психологиялық қызмет бөлімінің аға әдіскері, Мұса Анизат Сейдазымқызы Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейнің директордың бейіндік орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Мақаланы қалай жазу керек»,  «Эссе қалай жазу керек»,  «Психология  негізі» тақырыбында қазақ және орыс тілінде мазмұнын ашып  кеңес өткізді.

Соңында қатысушылар сұрақтар қойып, психология мен педагогика, эсселер, мақалалар бойынша маңызды сұрақтарды қосымша талқылап, әдістемелік көмек алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған