Әлеуметтік педагогтерге арналған семинар

2022 жылғы 18 қазанда Астана қаласының әдістемелік орталығы «Білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік педагогтың рөлі»  тақырыбында семинар өткізді.

   Семинардың мақсаты — білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагогтың әдістемелік шеберлігінің деңгейін арттыру. Іс-шараға қаланың білім беру ұйымдарының 92 әлеуметтік педагогы қатысты.

Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру туралы алғы сөзбен және баяндамамен әдістемелік орталықтың қосымша білім беру және тұлғаны дамыту  бөлім басшысы  Бекетаева Гүлдана Ескенқызы сөз сөйледі.

«Дауа» жастар денсаулық орталығының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Жәнібек Ерболатқызы Темірханова жасөспірімдер мен жастарға қызмет көрсету және емдеу-профилактикалық көмек көрсету туралы айтып берді.

Әлеуметтік педагогтер мен дағдарыс орталықтарының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы өзара іс — қимыл мәселесін «Қорғау-Астана» дағдарыс орталығының басшысы Рыль Анна Игоревна көтерді.

Коняхина Анна Александровна, әлеуметтік ғылымдар магистрі, Кәсіби әлеуметтік қызметкерлер ұлттық Альянсының «Күшті ата – аналар — күшті балалар»  бағдарламасының жаттықтырушысы қатысушыларға жалпы білім беру мекемесінде іс жүргізу технологиясын ұсынды.

№7 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы Камар Маратқызы Өтегенова әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастырудағы озық тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Семинар қорытындысы бойынша әлеуметтік педагогтарға әлеуметтік қызметкерлермен және ведомствоаралық қызметтермен өзара іс-қимылды кеңейту ұсынылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *