Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімділігі

2022 жылғы 17 қазан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №8 мектеп-лицейде  бастауыш сыныптың жас мамандарына «Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімділігі» атты қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты бастауыш сыныптарда ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Іс-шара барысында әдіскері Н. Әзімбай семинар бағдарламасымен таныстырып, «Ағылшын тілі пәні сабағынан  бастауыш  сынып оқушыларының білім сапасы неге төмен?» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинарда білікті де білімді, шебер ұстаздар  іс-тәжірибесімен бөлісті. Атап айтар болсақ, №82 мектеп-лицейінің мұғалімі Д. Мусин мен № 6 мектеп-гимназиясының ұстазы Л.Кан «Effective ways of teaching for supporting and motivating students» «Оқушыларды қолдау және ынталандыру үшін тиімді оқыту әдістері», №73 мектеп-лицейінің шебер ұстазы, ағылшын тілі пәні қауымдастығының лидері А.Булебаева «The active methods and approaches» «Белсенді әдістер мен тәсілдер», А. Байтұрсынов атындағы Binom School  ұстазы Н. Кудабаев «Дифференциациялық тапсырмалар арқылы оқушылардың мәтінді түсіну және талдау дағдыларын дамыту» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. №11 мектеп-лицейдің шебер ұстазы Қ. Боранбаева «Effective tools in teaching English to primary school children» «Бастауыш мектеп жасындағы балаларға ағылшын тілін үйретудің тиімді құралдары» тақырыбында сөз сөйлеп, жас мұғалімдерге білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған жұмысымен бөлісті.

Аталған семинар-практикумда елордалық 5 мектеп мұғалім өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында Әдістемелік орталықтың ағылшын тілі пәні әдіскері А.Амирова рефлексия жүргізді. Жас мамандар тиімді кері байланыс берді.

 Іс-шараға 40-тан аса жас бастауыш сынып маманы қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған