2022 жылғы 12 қазанда сағат 11.00-де Орта білім беру ұйымдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына «ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбы бойынша онлайн-семинар өтті.
Семинарға 100 адам қатысты. Семинар барысында оқу жүктемесін таңдау, білім беру деңгейлері, оқыту тілдері және оқыту бағыты бойынша бөлінетін қосымшаларда көрсетілген Үлгілік оқу жоспарына түсіндірмелер берілді.