«ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» атты қалалық отбасылық  интеллектуалдық байқауы

2022 жылғы 7 қазан күні Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы  №85 мектеп-лицейімен бірлесіп «ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» атты қалалық отбасылық  интеллектуалдық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ тілінің құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата-ана мен бала  қарым-қатынасын жетілдіру. 

Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана қаласының  Білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары және ата-аналары (№45, 85, 82, 78, 66, 77 Есіл ауданның мектептері) қатысты.

«ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» интеллектуалдық байқауының әділ қазылары:

– Сүлейменов Оспан Сүлейменұлы – Жазушы, композитор, журналист, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР «Білім беру үздігі», Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері;

– Шәкен Тұрар Сәттарқызы – «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі жобасының авторы және жетекшісі, тарихшы, этнология магистрі;

– Жарова Самал Толегеновна – «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының басшысы;

– Мукаева Гульнар Ибрагимқызы – Шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

– Бекетаева Гүлдана Ескенқызы – Білім беруді жаңғырту орталығының Тәрбие және тұлғаны дамыту бөлімінің басшысы.

Байқау төрт кезеңнен өткізілді:

I. «Ана тіліне құрмет – отбасына міндет» кезеңінде таныстыру.

Қатысушылар отбасылық құндылықтардың бірі ана тілі екенін көрсете отырып, өз жанұясын еркін форматта таныстырды.

II. «Білгенге маржан» сұрақ-жауап сайысы. Kahoot ойын платформасы арқылы  сұрақтарға жауап берді.

III. «Білімді болсаң, бақ сына» интеллектуалдық сұрақтарға жауап береді.

IV. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» кезеңінде сайыстың қорытынды кезеңі.

«ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» интеллектуалдық байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

1 орын иегері –  Анияровтар әулеті, №66 мектеп-лицейі;

2 орын иегері – Жакуповтар әулеті, Шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни атындағы №85 мектеп-лицейі;

3 орын иегері – Иманғалиевтер әулеті, Ф. Оңғарсынов атындағы №77 мектеп-гимназиясы.

             Номинациялар бойынша қорытындысы:

«Ұлағатты отбасы» – Байнұр әулеті, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;

«Озат отбасы» – Талғатовтар әулеті, №45 орта мектебі;         

«Берекелі отбасы» – Букановтар әулеті, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған