Оқушылардың білім сапасын көтеру және шешу жолдары

2022 жылғы 29 қыркүйек күні   І.Есенберлин атындағы №67 гимназия базасында Астана қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен  «Оқушылардың  білім сапасын көтеру  және шешу жолдары» тақырыбында қалалық  семинар өтті.

         Білім сапасын арттырудың негізгі шарты – педагогтер жаңа инновациялық технологияларды  өз іс-тәжірибесінде  үздіксіз пайдалану керектігіне  Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері  тоқталды.

         Семинар барысында елорданың биология пәні педагогтері А. Айкулова, М.Толисбаева, А.Зақбек, Қ.Тумарбаева, Қ.Жумаханов  төмендегі тақырыптарда іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • Биология сабағында оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамыту;
  • Биология  пәнін оқыту сапасын арттыру мақсатында сыныптар туралы ақпарат жинау әдістері;
  • Күрделілігі жоғары тақырыптарда проактивті карта жасау әдісі;
  • Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.

          Сонымен бірге Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері Д.Құрмашев пен Р.Айғараева  мұғалімдерді аттестаттау – білім сапасын көтерудің, біліктілікті арттырудың негізгі факторлары және  оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында жасалынатын  авторлық бағдарлама, әдістемелік құралдарға қойылатын  талаптар  бойынша ақпаратпен таныстырды.         Семинар соңында қатысушыларға семинарда алған ақпаратты өз мектептеріндегі әріптестерімен бөлісу ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған