Жаһандық құзыреттер

2022 жылғы 4-6 қазан аралығында елордалық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыру аясында  Білім беруді жаңғырту орталығы «Жаһандық құзыреттер» семинарын ұйымдастырды.

Семинар онлайн режимде, мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті.  

Спикер білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушыларына арналған «Жаһандық құзыреттер» оқу құралының («Медиа сауаттылық  және қаржылық сауаттылық» юнит) авторы Талғат Сәдуақасұлы Игликов. Семинарға қатысушылар негізгі жалпы білім беру деңгейінде жаһандық құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекшеліктерін талқылады, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылық бағыттарының бірі ретінде жаһандық құзыреттер мазмұнын қарастырды.

Оқу жылы барысында Астана қаласының білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне функционалдық сауаттылық мәселелері бойынша бірқатар семинарлар өткізу жоспарлануда.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған