Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының …

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорының қолдауымен 2022 жылғы 4-7 қазанда Астанада «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жаңа нақты ахуалда қалыптасуы және пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру процесін трансформациялау» тақырыбында мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің VII съезін өткізуде.

Мұғалімдер тәжірибе алмасатын түрлі бағыттар бойынша барлығы тоғыз тақырыптық секция өтеді.

Педагогтер білім беру сапасын, кадрлар даярлауды, ұлттық аттестаттау жүйесін дамытуды талқылайды.

Съезд жұмысына елорда педагогтері де қатысуда.

Қазақстандық тәжірибені көрсету үшін Астана қаласының «Білім инновация» лицей-интернаты, NURORDA мектеп-лицейі, Binom School, Quantum STEM Schools және «Алпамыс» балабақшасы сияқты білім беру ұйымдарына шетелдік делегациялардың баруы жоспарлануда.

Елорда педагогтері педагогикадағы эксклюзивті, ерекше тәжірибе мен инновациялық тәсілдерді қамтитын білім беру процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерімен әріптестерін таныстырады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған