«Cisco» Желілік Академиясының Халықаралық бағдарламаларын іске асыру бойынша көрсетілген әдістемелік қолдау

Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының «Инновациялық жұмыс және ынтымақтастық» бөлімі «Cisco» Желілік Академиясының Халықаралық бағдарламаларын іске асыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2022 жылғы 29 қыркүйекте қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік-нұсқау семинарын онлайн форматта  өткізді.

«Cisco» желілік академиясының Халықаралық бағдарламасы Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдан бастап табысты жүзеге асырылуда.

Онлайн-отырыс спикері «Инновациялық жұмыс және ынтымақтастық» бөлімінің әдіскері Досмұхамет Анар Досмұхаметқызы Cisco Желілік Академиясының жобасын іске асыру үшін орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылына арналған Үлгілік оқу жоспарларының ерекшелігін ескере отырып, сағаттарды бөлу әдістемесін ұсынды.

Байжуманова Ирина Викторовна, информатика пәні мұғалімі, № 60 мектеп-лицейінің «Cisco» Желілік Академиясының Cisco Желілік Академиясы бағдарламаларын бейімдеу арқылы «IT Essentials: PC Hardware and Software/IT Fundamentals: PC hardware and software» оқу бағдарламасын оқыту процесіне енгізуді талқылауға ұсынды.

Қатысушылар спикерлер ұсынысынескере отырып, 7-10 сыныптарға арналған «Cisco» оқу курстарын қолдану ерекшеліктерін талқылады.

Семинар жұмысына «Cisco» Желілік Академиясының жобасын іске асыратын Астана қаласының 15 мектебінің Информатика педагогтері қатысты» (№№1, 3, 4, 14, 25, 27, 31, 35, 37, 53, 60, 75, 79, 80, 83, 92).

Сонымен қатар педагогтерге «Cisco» Желілік Академиясының бағдарламалары бойынша білім алушыларды оқытуда семинар материалдарын пайдалану бойынша ұсыныстар мен практикалық кеңестер берілді.  

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған