Қосымша білім беру педагогтеріне әдістемелік сағат

Астана  қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2022 жылғы 27 -29 қыркүйек күндері аралығында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы,  №2,3 Балалар музыка мектептерінің, Балалар көркемсурет мектебінің, №1 Өнер мектебінің қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Әдістемелік сағат»өткізілді.

Әдістемелік сағаттын мақсаты – білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәжірибе жалпылауға және таратуға бағытталған әдістемелік сүйемелдеу арқылы инновациялық технологияларды қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау.

Іс-шараға барысында Білім беруді жаңғырту орталығының «Тәрбие және тұлғаны дамыту» бөлімінің басшысы Бекетаева Гульдана Ескенқызы «Қосымша білім беру педагогтерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыбында сөз сөйледі. Өткізу қағидалары мен шарттарын таныстырып өтті:

  • Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі;
  • Эссе жазу тәртібі;
  • Біліктілікті бағалауды өткізу тәртібі;
  • Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі;
  • Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі;
  • Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі;

Аталған іс-шарада Білім беруді жаңғырту орталығының Баспасөз қызметі бөлімінің әдіскерлері Айгараева Раушан Ратовна, Ахметова Кымбат Касымовна «Оқу-әдістемелік басылымдарға қойылатын талаптар», «Мақаланы қалай дұрыс жазу керек?» таныстырып өтті.

Соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қосымша білім берудің ең маңызды мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылап, өз ой-пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған