28 қыркүйек күні «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» және «Руханият» КММ ұйымдастыруымен қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің ХХІV қалалық фестивалі аясында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Тілім — тірегім» «IQAS» қазақша куиз интеллектуалды сайысы өтті. Сайысқа Білім басқармасы атынан №70 мектеп-лицейінің педагогтерінен құрылған «Тіл жанашырлары» командасы қатысып қайтты.
Интеллектуалды сайыстың кезеңдері:
І. КІРІСПЕ
Әр бағыттағы 7 сұрақ, әр сұраққа 30 сек, дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. 4 жауап нұсқасы беріледі. Дұрысын таңдау керек.
ІІ. ҚИСЫН
Логикаға негізделген тур. 7 сұрақ, әр сұраққа 1 мин, дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Жауап нұсқалары берілмейді. Логикаға сүйеніп табу керек.
ІІІ. МЕДИА
Медиа саласына байланысты сұрақтар (БАҚ және т.б.) 7 сұрақ, әр сұраққа 1 мин, дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Жауап нұсқалары берілмейді.
ІV. ТАҚЫРЫПТЫҚ
Барлық жауаптар белгілі бір тақырып аясында, ал ол қандай тақырып екенін команда өзі табу керек. 10 сұрақ, әр сұраққа 1 мин. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Жауап нұсқалары берілмейді.
V. КҮРДЕЛІ
Бұл турда қойылатын 4 сұрақ сәл күрделірек болады. Есесіне әр сұраққа 2 мин, дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі. Жауап нұсқалары берілмейді.
VІ. НАРТӘУЕКЕЛ
Бәс тігуге мүмкіндік бар соңғы тур. Дұрыс жауап құны 1 ұпай. Егер жауапқа нақты, 100% сенімді болып, жауап қасына (+1) қойсаңыз +1 ұпай қосылады, ал ол жауабыңыз қате болса -1 ұпай шегеріледі. Әр сұраққа 1 мин беріледі. Турда 7 сұрақ. Жауап нұсқалары берілмейді.