Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының химия-биология пәнінің әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні Әлихан Бөкейхан атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицей базасында химия және биология пәндерінің жас мамандарына арналған «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
Семинар барысында педагогтер төмендегі тақырыпта өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісіндегі қолдану жолдары;
- Қысқа мерзімді жоспар құру арқылы сабақ үрдісін жүйелеу;
- БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру және сараптау;
- Қалыптастырушы бағалау және оның әдістері;
- Табысты сабақты –тиімді жоспарлау;
- Сабақтағы кері байланыстың тиімді тұстары.
А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Шетенова Ермек Нуржауаровна, № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің биология пәні мұғалімі Турганбекова Айгуль Токтамысовна, Ә.Бөкейхан атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Тулегенова Гульнур Муратовна, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Мананбаева Багила Абаевна, №70 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Сағатбекова Серікқайша Қабылғазықызы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында жас мамандар кері байланыс жасап, алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға, іс-тәжірибесімен көрсеткен педагогтерге алғысын білдірді.