Музыка сабағындағы педагогикалық технологиялар, тұлғаны дамыту және оқытудың тиімді әдістері

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастыруымен Б.Момышұлы  атындағы №53 мектеп – лицейінде музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Музыка сабағындағы педагогикалық технологиялар, тұлғаны дамыту және оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

          Семинардың мақсаты: педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, білім беру нәтижелерін бағалаудың кешенді тәсілі және білім беру сапасын арттырудың тиімді технологияларын анықтау.

          Семинар барысында Білім беруді жаңғырту орталығының музыка пәні әдіскері  З.Қ.Каракеева   семинар мақсатымен таныстырып, жаңа оқу жылына білім беру саласындағы жаңалықтарға тоқталды және  «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар және олардың  оқу –тәрбие үрдісіндегі рөлі»   тақырыбында  шеберлік сағатын өткізді.       

       Қ. Сәтбаев атындағы № 61 орта мектебінің  музыка пәні мұғалімі   Ертай Амандық   «Музыка сабағында ән орындау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетті.

       М.Дулатов атындағы № 68 мектеп – гимназиясының  музыка пәні мұғалімі  Рахметов Серик Ахметкалиевич      «Музыка сабағындағы  қолданылатын инновациялық технологиялар» тақырыбында қазіргі таңдағы соңғы үлгідегі мультимедианың оқу үдерісінде пайдалану әдістерімен таныстырды.

         ЖШС экономикалық лицейінің    музыка пәні мұғалімі Гудина Инна Николаевна  «Музыка сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында баяндамасын ұсынды.  

         № 16  Т.Айбергенов атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі  Абишева Айгуль Кенжеболатовна»Жас оқушыларда ән айту тынысының қалыптасуы»  тақырыбында мұғалімдер арасында ерекше іс-тәжірибесімен бөлісті.   

         № 5 Гимназия  «КММ Музыка пәнінің мұғалімі Бородич Светлана Владимировна «Шығармашылық тапсырмалар – музыканың ажырамас бөлігі»  тақырыбында баяндамасымен таныстырды.

         № 18 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Сүлейменова Анаргүл Серікбайқызы  «Белсенді оқытуда бәсекелік қабілеті ерекше тұлғаны тәрбиелеудегі музыка пәні мұғалімінің ролі» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.

       Семинарда көпшіліктің даусымен музыка мұғалімдерінің ассоциация, «Жас мұғалімдер мектебі», шығармашылық топ құрамдары құрылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған