Оқушылардың зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау алгоритмдері

2022 жылдың 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен  №59 мектеп-лицей базасында математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау алгоритмдері» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Сатанов Арыстан Болатұлы 2022-2023 жылдардағы республикалық ғылыми жобалар байқауына мектеп жұмысын дайындау мақсатындағы әдістемелік ұсыныстармен таныстырды. Баяндамада 2022-2023 жылдары ғылыми жобалар конкурсына мынадай өзгерістер енгізу жоспары таныстырылды:

  1. Эссе түрінде ғылыми жобалар бойынша жұмысты сипаттау;
  2. Қазылар алқасының құрамына ғалымдарды, кәсіпкерлерді, түрлі сала мамандарын енгізу;
  3. Мектеп оқушыларының жұмысын бағыттар бойынша 3 түрлі критерий бойынша бағалау (1-ғылыми, 2-іскерлік бағыт, 3-практикалық бөлім);
  4. Назарды зерттеу теориясына емес, практикалық маңыздылығына тоқталу (өнім, модель, макет, бағдарлама);
  5. Оқушы жұмысымен  қоса фото немесе бейне күнделігін жіберу;
  6. Зерттеудің этикалық стандарттарына қойылатын талаптарды күшейту;
  7. Облыс орталықтары мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жанынан Әдеп жөніндегі кеңес құру – этикалық нормаларды сақтау (жобаны әзірлеудің барлық кезеңдерінде адалдық, объективтілік және мүдделер қақтығысының алдын алу, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау).

«Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері»  жөнінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің  физико-математика  ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменов Кенесары Мәшімұлы толық тоқталып өтті.

«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу орталығының дарынды оқушылардың жоба жұмыстары мен конкурстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы  Баяхметова Корлыгаин Ермекқызы  «Оқушылардың зерттеу жұмыстарын жоспарлау» және қала бойынша зерттеу жұмысымен айналысатын оқушылар туралы мәлімет берді.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында РФММ математика пәні мұғалімі Жакупова Гүлнара Амангелдіқызы, № 56 мектеп-лицейінің  әдістемелік бірлестік жетекшісі Томантаева Айнұр Төкенқызы, № 59 мектеп-лицейінің әдістемелік бірлестік жетекшісі Есжанова Бақтыгүл Тоқтарқызы және  «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК  мектепке дейінгі және орта мектеп әдіскері Қаппасова Сандуғаш Елтайқызы сөз сөйледі.

Семинар қорытындылаумен, қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдері семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған