АҚШ Елшілігі

2023 жылғы 23 қыркүйекте АҚШ Елшілігі жанындағы Ағылшын тілі бағдарламаларының Аймақтық кеңсесімен ынтымақтастық шеңберінде оффлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге Орталық Азиядағы ағылшын тілі бағдарламалары Кеңсесінің Мәдениет және білім атташесінің орынбасары Джон Орак, кеңсе үйлестірушісі Ольга Патерова және  ағылшын тілі оқытушысы Огуст Гарнси қатысты.  Кездесуде ағылшын тілі оқытушысы Огуст Гарнсидің  2022-2023 оқу жылында Білім беруді жаңғырту орталығымен бірге жыл бойы жасайтын жұмыс барысы талқыланып, орта білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі мұғалімдерімен болшақта бірлесе атқаратын жұмыстар сараланды. Аталған шараны Нұр-сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Амирова Алтынай Бекпаевна  ұйымдастырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған