Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Мектептегі дебат қозғалысы» атты 2022 жылы 22 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясында ағылшын тілі пәні педагогтеріне арналған шебер сынып өткізілді.
Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі педагогтерінің арасында 2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы дебаттық қозғалысын ұйымдастыруды жандандыру, ағылшын тілінде дебатты ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны жүзеге асыру бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс – шараны №4 мектеп- гимназиясының мектеп директоры Магзумова Бақытгүл Амангельдиновна мен ББЖО-ның әдіскері Амирова Алтынай Бекпаевна кіріспе сөз сөйлеп ашты. Семинарда №4 мектеп- гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ахметбекова Дана Жаумбаевна, педагог-шебер, дебат ойындарының тренері, сертификатталған «Үздік төреші», CLIL тренері (бірінші деңгейдегі мұғалім) өз тәжірибиесімен бөлісті.
Практикалық бөлімде “The external migration of Kazakhstani people” тақырыпта 1 топта №4 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушылары, жетекшісі Ахметбекова Дана Жаумбаевна мен №74 мектеп-гимназиясының 10 сынып тобы, жетекшісі Исмаилова Сандугаш Амантаевна; 2 топта №4 мектеп-гимназияның 11 сынып тобы, жетекшісі Айдарбек Салтанат Шайдолдақызы мен №73 мектеп- лицейінің 11 сынып оқушылары, жетекшісі Булебаева Алима Қанатқызы дебат ойынын іс жүзінде көрсетті. №4 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Мергенбек Н.С, Серікбекқызы Жаннұр “Бұл палата әлемді демократия жояды деп есептейді” тақырыпта жас мамандар арасында пікірсайыс өткізді. Семинардың соңында дебатқа қатысқан оқушыларға мектеп тарапынан сертификаттар мен кітаптар табысталды.